Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

25 қыркүйекте "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

24.08.2026 11:30 · KASE Корпоративтік оқиғалар корпоративтік оқиғалар собрания (уведомления о проведении) новости эмитентов ·
/KASE, 24.08.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) 
былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңының 
35 бабына, 37 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына және 3 тармағының 
3) тармақшасына және 41 бабына сәйкес "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 
Директорлар кеңесі жиналысты шақырудың бастамашысы ретінде 
2026 жылғы 25 қыркүйекте акционерлердің жалпы жиналысының отырысын 
өткізбестен, сырттай дауыс беру арқылы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің 
жалпы жиналысы) өтетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің 
тізімі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімі жүйесінің 
2026 жылғы 25 тамыздағы жағдайының деректері бойынша құрылады.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы 
   жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу туралы.

3. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Исламдық қаржыландыру қағидаттары 
   жөніндегі кеңесті құру туралы.

4. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Исламдық қаржыландыру қағидаттары 
   жөніндегі кеңестің сандық құрамын айқындау туралы.

5. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Исламдық қаржыландыру қағидаттары 
   жөніндегі кеңестің өкілеттік мерзімін айқындау туралы.

6. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Исламдық қаржыландыру қағидаттары 
   жөніндегі кеңес мүшелерін сайлау туралы.

7. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Жарғысына толықтыруларды бекіту туралы.

8. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның 2026 жылғы 30 қыркүйекте аяқталатын 
   тоғыз айдағы қызмет қорытындылары бойынша аралық 
   шоғырландырылған қаржылық есептілігіне шолу жүргізу, Банктің 
   2027–2028 жылдардағы тоқсандық шоғырландырылған қаржылық 
   есептілігіне шолу жасау және Банктің 2026–2028 жылдардағы қызмет 
   қорытындылары бойынша қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін 
   аудиторлық ұйымды айқындау турал.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/2794-inf-soobshch-vosa.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_240826_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs__240826_en.pdf

[2026-08-24]