Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

25.08.2026 09:26 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 25.08.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) KZMJ00004075 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK084_407; 
   1 000 KZT, 1 614 737 000 KZT; 7 жыл, жылдық купон, жылдық 14,31 %; 
   30/360) 1 614 737 дана;

2) KZMJ00004083 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK120_408; 
   1 000 KZT, 538 245 000 KZT; 10 жыл, жылдық купон, жылдық 14,31 %; 
   30/360) 538 245 дана.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері 
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш 
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша 
жарияланған  https://kase.kz/ru/members/membership/all

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 
ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері 
мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/markets/government-securities

[2026-08-25]