Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00019011 (MFBLb13) және KZ2P00019029 (MFBLb14) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

25.08.2026 16:27 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 25.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
26 тамызынан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС келесі облигацияларымен 
KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:

- KZ2P00019011 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFBLb13; 
  1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 4 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 
  30/360);

- KZ2P00019029 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFBLb14; 
  1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 5 жыл, тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 
  30/360).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" 
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу 
валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFBL

[2026-08-25]