Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00014868 (KFUSb96) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

25.08.2026 16:57 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 25.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
26 тамызынан бастап "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00014868 
(KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb96; 1 000 
KZT, 10,0 млрд KZT; 20.08.26-20.08.27; жылдық купон, жылдық 12,50%; 
30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын 
хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/KFUSb96

[2026-08-25]