Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Bereke Bank" АҚ (LESHA Bank LLC (Public) ЕБ) KZ2C00019396 (BERKb23) облигацияларына жазылым жүргізіледі

03.09.2026 09:15 · KASE Листинг и размещения торговая информация подписка новости kase ·
  • Дәйек: 2026 жылғы 3 қыркүйекте Bereke Bank АҚ 100 млрд теңге көлеміндегі купондық облигацияларды (BERKb23) орналастырады.
  • Инвестор үшін: Инвесторлар үшін табыс мөлшерлемесі ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне 0,50% маржа қосылған құбылмалы ставкамен анықталады.
  • Неге назар аудару керек: Өтінімдерді қабылдау уақыты 12:00-ден 14:00-ге дейін, ал мәмілелер 15:30-да жасалады.
Bereke Bank АҚ KASE биржасында жаңа облигациялар шығарылымын жүзеге асыруда. Бұл құралдардың ерекшелігі купондық мөлшерлемесінің құбылмалы болуында, яғни төлемдер Ұлттық банктің базалық ставкасына тікелей байланысты болады. Облигациялардың айналым мерзімі 2 жыл 3 айды құрайды.

Жазылымға тек қор санатындағы KASE мүшелері арқылы қатысуға болады. Номиналды құны 1 000 теңге, ал лот мөлшері 10 000 000 дананы құрайды, бұл жазылымның ірі инвесторларға бағытталғанын көрсетеді.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 03.09.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Bereke Bank" АҚ (LESHA Bank 
LLC (Public) ЕБ) KZ2C00019396 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, 
BERKb23) облигацияларына төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. 
уақыты) жазылу арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Bereke 
Bank" АҚ (LESHA Bank LLC (Public) ЕБ) әрекет етеді.

------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:              купондық облигациялар       
ISIN:                                 KZ2C00019396                
KASE сауда-саттық коды:               BERKb23                     
Номиналды құны, KZT                   1 000                       
Шығарылым көлемі, KZT:                                            
– тіркелген:                          100 000 000 000             
– орналастырылған:                    –                           
Айналымның басталу күні:              облигацияларды орналастыру  
                                      бойынша алғашқы жүзеге асқан
                                      сауда-саттықты өткзу күні   
Айналымның соңғы күні:                кейінірек анықталады        
Өтеудің басталу күні:                 кейінірек анықталады        
Айналым мерзімі:                      2 жыл 3 ай                  
Купон мөлшерлемесі:                   құбылмалы (ҚРҰБ базалық     
                                      мөлшерлемесі + тиянақталған 
                                      маржа 0,50 %)               
Купондарды төлеудің басталу күні:     жылына 2 рет                
Уақыттық база:                        30 / 360                    
------------------------------------- ----------------------------
Жазылым күні:                         03.09.26                    
Орналастырудың номиналды көлемі, KZT: 100 000 000 000             
Сатып алуға өтінім түрі:              шектелімді                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:          12:00–14:00                 
Лот мөлшері, дана:                    10 000 000                  
Мәмілелер жасасудың күні мен уақыты:  03.09.26, 15:30             
Есеп айырысудың күні мен уақыты       03.09.26, 17:00             
------------------------------------------------------------------

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды 
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпаратқа келесілер кіреді:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды 
   тұлғаның атау;

2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері 
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына 
сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership

Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Мәмілелер жасасу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_making_deals.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/investors/bonds/BERKb23

[2026-09-03]