Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

09 қыркүйек күні KASE Индексінің мәні 0,18% өсіп, 8 110,50 тармақты құрады

09.09.2026 18:18 · KASE Регламент и торги индекс kase ·
  • Дәйек: 2026 жылдың 09 қыркүйегінде KASE Индексі 0,18% өсіп, 8 110,50 тармаққа жетті.
  • Инвестор үшін: Индекстің өсуі және мәмілелер көлемінің 2,1 есе артып, 1 629,0 млн теңгеге жетуі нарықтағы белсенділіктің артқанын көрсетеді.
  • Неге назар аудару керек: Келесі сауда сессияларындағы акциялардың баға динамикасы мен индекстің жабылу мәндеріне назар аудару қажет.
KASE Индексінің мәні шағын өсім көрсетті. Сауда күні бойы индекс 8 089,46 және 8 132,59 тармақ аралығында тербелді. Индекс құрамындағы акциялардың басым бөлігі бойынша бағалар өскен, тек KCEL, KSPI және KZTK қағаздары сәл төмендеген.

Мәмілелер көлемінің алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,1 есе өсуі нарықтағы сұраныстың уақытша артқанын білдіреді. Дегенмен, бұл күнделікті сауда қорытындысы болып табылады және нақты жаңа драйверлерді көрсетпейді.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 09.09.26/ – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық 
қорытындысы бойынша 2026 жылдың 09 қыпкүйегінде KASE Индексінің мәні           
14,18 тармаққа (0,18%) 8 096,32 тармақтан 8 110,50 тармаққа дейін 
өсті.

Осы күні жасалған бірінші мәміле индексті 8 098,82 тіркеді. Сауда-саттық 
барысында индекстің максималды мәні 8 132,59, ал минималдысы 8 089,46 құрады.

KASE Индексінің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен 09 қыркүйекте 
жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,1 есе 
өсіп, 1 629,0 млн теңгені (3 584,6 мың USD) құрады.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE Индексінің есептік
базисінің динамикасы
------------------------------------------------------------------
                        Жабылу бағасы,                            
Акцияның сауда    бір акцияға теңгемен    Бағаның         Индекске
саттық коды     ----------------------  өзгеруі, %     "ықпал ету"
                09.09.2026  08.09.2026                           
------------------------------------------------------------------
AIRA                683,33      680,10        +0,5            10,3
CCBN              4 795,45    4 794,99       +0,01            12,6
HSBK                387,50      386,52        +0,3            12,7
KCEL              3 169,61    3 178,00        -0,3            12,4
KEGC              1 526,97    1 513,84        +0,9             4,6
KMGZ             35 490,90   35 385,00        +0,3            13,0
KSPI             48 819,02   48 887,99        -0,1            14,6
KZAP             34 301,00   34 280,00        +0,1            13,5
KZTK             44 698,50   44 714,10       -0,03             3,0
KZTO              1 220,00    1 197,99        +1,8             3,4
------------------------------------------------------------------
* Акцияның жабылу бағасы бір рет сауда-саттық аяқталар сәтте анықталады және 
ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағидаға 
сәйкес аталмыш акциялар бойынша жабылу аукционында қалыптасқан баға ретінде 
анықталады. Егер аукцион барысында жабылу бағасы анықталмаса, немесе егер 
ондай аукцион өткізілмесе, онда жабылу бағасы ретінде соңғы мәміленің бағасы 
қолданылады.

KASE Индексінің өзгеруі                                             
------------------------------------------------------------------
                                                           Өзгеру:
                                             ---------------------
Кезең                                        %-бен   жылдық %-бен*
------------------------------------------------------------------
Соңғы айда                                    +2,7           +29,9
Үстіміздегі жылдың басынан (01.01.26) бастап +15,3           +22,2
Соңғы 365 күнде (жылда)                      +14,1           +14,1
2025 жылда                                   +26,1           +26,1
2024 жылда                                   +33,2           +32,9
------------------------------------------------------------------
* Кірістілік actual/365 базисі бойынша есептелінген.

Белгілі бір күнге KASE Индексінің мәні ретінде, осы күні биржада тіркелген 
аталмыш индекстің соңғы мәні қолданылады.

KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеуге арналған өкілетті тізімге 
енгізілген акциялар бағасының, олардың эмитенттерінің капиталға айналуын және 
еркін айналыстағы (free float) осы акциялар санын ескеріп, өзгеруін 
көрсететінін еске саламыз.

KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаудағы 
акциялармен мәміле жасалуына қарай, сауда-саттық күні бойы есептеледі. 
Сауда-саттық күні бойы параметрлері KASE Индексінің мәнін есептеуге қажетті 
мәмілелер жасалмаса, осы есептеуді жүзеге асыру мақсатында, соңғы нәтижелі 
сауда-саттық сессиясының нәтижелері пайдаланылады.

KASE интернет-сайтындағы KASE Индексі көрсетілген беті 
https://kase.kz/kz/stock_market/index_kase/ мекен-жайы бойынша жарияланған.

Қор нарығының индикаторларын есептеу Әдістемесінің мәтіні 
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы 
бойынша жарияланған.

Эмитенттердің атаулары көрсетілген, акциялардың толық сауда-саттық кодтары 
http://kase.kz/kz/tickers/ мекен-жайы бойынша берілген.


[2026-09-09]