Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE сауда-саттық регламентінде 2026 жылдың қазан айында болатын өзгерістер

23.09.2026 16:56 · KASE Регламент и торги торговая информация новости kase регламент торгов по иностранным валютам ·
  • Дәйек: 2026 жылдың қазанында Қытайдың (1, 2, 5-7 және 19 қазан) және АҚШ-тың (12 қазан) мереке күндеріне байланысты KASE-дегі кейбір құралдар бойынша сауда тоқтатылады
  • Инвестор үшін: Бұл шектеулер тиісті валюталардағы есеп айырысуларды және валюталық жұптарды қолданатын инвесторлардың операциялық мүмкіндіктеріне әсер етеді
  • Неге назар аудару керек: Инвесторларға сауда жүргізілмейтін нақты күндерді және Т+0 шарттарымен саудаланатын құралдардың тізімін ескеру қажет
KASE сауда-саттық регламентіне енгізілген өзгерістер сыртқы нарықтардағы мереке күндеріне байланысты жоспарлы шектеулерді көздейді. Бұл техникалық шаралар Қытай юані мен АҚШ долларымен есеп айырысуларды жүзеге асыратын құралдарға, сондай-ақ KASE Global секторының тиісті бағалы қағаздарына қатысты.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 23.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE "Сауда-саттық 
регламенті және қаржы құралдарының параметрлері" атты ішкі құжатына 
сәйкес KASE-дегі сауда-саттық регламентіне 2026 жылдың қазанында 
мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.

01, 02, 05–07 қазанда Қытай Халық Республикасында мереке күндеріне 
байланысты келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:

- CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;

- CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002;

- Т+0 шарттарында қытай юанімен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен).

12 қазанда АҚШ-тағы мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда-
саттық жүргізілмейді:

- USDKZT_TOD, USDCNY_TOD; USDAED_TOD, EURUSD_TOD;

- USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, 
  USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M, USDKZT_0_01Y, EURUSD_0_001, 
  EURUSD_0_002, USDAED_0_001, USDAED_0_002;

- Т+0 шарттарында АҚШ долларымен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен);

- АҚШ долларымен есеп айырысумен сауда жасайтын KASE Global 
  секторының бағалы қағаздарымен (туынды бағалы қағаздармен).

19 қазанда Қытай Халық Республикасында мереке күніне байланысты 
келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:

- CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;

- CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002;

- Т+0 шарттарында қытай юанімен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен).

Сауда-саттық регламенті және қаржы құралдарының параметрлері мына 
сілтеме бойынша қол жетімді 
https://kase.kz/files/normative_base/reg_par_fin_inst.pdf

[2026-09-23]