Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 2026 жылдың қазан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімін қалыптастырды

29.09.2026 14:21 · KASE Регламент и торги инструменты списки ликвидных, неликвидных акций новости kase ·
  • Дәйек: KASE 2026 жылдың 29 қыркүйегінде қазан айына арналған өтімділік кластарының тізімін бекітті, бірінші класқа 93 бағалы қағаз енді.
  • Инвестор үшін: Тізімдегі өзгерістер бірлеспендірілген инвестициялық қорлардың пайлары мен шетелдік акциялардың өтімділік деңгейінің қайта қаралуын білдіреді.
  • Неге назар аудару керек: Инвесторларға KASE интернет-ресурсында жарияланған жаңа тізімдер мен өтімділікті анықтау әдістемесімен танысу ұсынылады.
Бұл жаңалық биржаның стандартты процедуралық жұмысының бөлігі болып табылады. Өтімділік кластарының қайта қаралуы бағалы қағаздардың сауда белсенділігіне байланысты жүзеге асырылады және олар KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қажет.

Бірінші класқа жаңа құралдардың қосылуы және кейбіреулерінің шығарылуы нарықтағы сұраныстың өзгеруін көрсетеді. Алайда, бұл өзгерістер активтердің ішкі құндылығына немесе компаниялардың қаржылық жағдайына тікелей әсер етпейді.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 29.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың 
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес 
KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың қазан айына 
арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы 
инвестициялық қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының 
және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың 
тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі 
комитеттің 2026 жылдың 23 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілді және ондағы 
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану 
мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-31 қазаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші 
кластарындағы бағалы қағаздар тізіміне 93 атаудағы бағалы қағаздар 
кіреді. 2026 жылдың қыркүйегіне құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы 
қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы 
   "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ KZPF00000058 ("инвестициялық 
   қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc) пайлары;

2) The Boeing Company US0970231058 ("KASE Global" секторы, BA_KZ) 
   жай акциялары;

3) State Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF US81369Y3080 
   ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) ETF;

4) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "harMONEY" ИИПҚ KZPF00000124 
   ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIhm) 
   пайлары;

5) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИИПҚ KZPF00000173 
   ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) 
   пайлары.

2026 жылдың қыркүйегінде құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен 
шығарылды:

1) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай 
   акциялары;

2) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 
   ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag)  
   пайлары;

3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" КИПҚ 
   KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, 
   CSECtf) пайлары;

4) QUALCOMM Inc. US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) 
   жай акциялары;

5) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Сентрас - Жаһандық 
   нарықтар" ИИПҚ KZPF00000033 ("инвестициялық қорлардың бағалы 
   қағаздары" секторы, CSECgm) пайлары;

6) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 
   ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) 
   пайлары;

7) iShares Ethereum Trust ETF US46438R1059 ("KASE Global" секторы, 
   ETHA_KZ) ETF.

2026 жылдың қазан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында 
сілтеме бойынша жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_oct.pdf

2026 жылдың қыркүйек айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және 
үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-
ресурсында сілтеме бойынша жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_sep.pdf

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf

[2026-09-29]