Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 50,0 млн KZ2C00020303 (HSBKb24) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

30.09.2026 09:19 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
  • Дәйек: 2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Халық Банкі KASE биржасында номиналды құны 1 000 теңге болатын 50 млрд теңге көлемінде дисконттық облигацияларды орналастырады.
  • Инвестор үшін: Дисконттық облигациялар номиналды құнынан төмен бағамен сатылады, ал инвесторлар мерзімі өткен соң номиналды құнды алады.
  • Неге назар аудару керек: Облигациялардың айналым мерзімі 90 күн, өтінімдерді қабылдау уақыты 10:00-ден 12:00-ге дейін.
Қазақстан Халық Банкі қысқа мерзімді қаржыландыру үшін дисконттық облигацияларды шығарып жатыр. Бұл құралдар купондық төлемдерді қарастырмайды, табыс облигацияны сатып алу бағасы мен оның номиналды құны арасындағы айырмашылықтан құралады.

Орналастыру көлемі 50 млрд теңгемен айтарлықтай жоғары. Сауда-саттыққа тек KASE қор нарығының мүшелері ғана тікелей қатыса алады, ал жеке инвесторлар бұл брокерлер арқылы жүзеге асырады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 30.09.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының 
(KASE) сауда-саттық жүйесінде биржасында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 
KZ2C00020303 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, 
HSBKb24) облигацияларына төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. 
уақыты) жазылу арқылы орналастыру жүргізіледі.


---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  дисконттық облигациялар          
ISIN:                                     KZ2C00020303                     
KASE сауда-саттық коды:                   HSBKb24                          
Номиналды құны, KZT:                      1 000                            
Шығарылым көлемі, KZT:                                                   
– тіркелген:                              50 000 000 000                   
– орналастырылған:                        –                                
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру       
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан     
                                          сауда-саттықты өткізу күні       
Айналымның бірінші күні:                  кейінірек анықталады             
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады             
Айналым мерзімі:                          90 күн                           
Уақыттық база:                            30 / 360                         
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        30.09.26                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   50 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана:                        1                                
Сауда-саттық заты:                        дисконтталған баға               
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                       
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                      
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:00                      
Кесімдеу уақыты:                          13:00 (Т+0)                      
Төлем күні мен уақыты:                    30.09.26, 17:00                  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең   
                                          немесе одан төмен өтінімдер      
                                          кесімделеді                      
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    кесімдеу бағасына тең немесе     
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
                                          табылатын, шектеліді қарсылама   
                                          өтінімдердің бағалары бойынша    
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау   
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Қазақстан Халық Банкі" АҚ       
---------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың 
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері 
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш 
бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/HSBKb24

[2026-09-30]