Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE сауда-саттық регламентінде 2026 жылдың қазан айында болатын өзгерістер

01.10.2026 09:58 · KASE Регламент и торги торговая информация регламент торгов новости kase ·
  • Дәйек: 2026 жылдың 1, 2, 5-7 және 19 қазанда Қытайдағы, ал 12 қазанда АҚШ-тағы мерекелерге байланысты белгілі бір валюталық құралдармен және Т+0 шарттарындағы бағалы қағаздармен сауда жүргізілмейді
  • Инвестор үшін: Бұл шектеулер инвесторлардың аталған күндері тиісті активтерді сатып алу немесе сату мүмкіндігін уақытша жояды
  • Неге назар аудару керек: Сауданың тоқтатылған нақты күндері мен құралдар тізімін ескере отырып, операциялық жоспарларды қарастыру қажет
Қазақстан қор биржасы халықаралық мерекелерге байланысты сауда кестесіне енгізілген техникалық өзгерістер туралы хабарлады. Бұл шаралар Қытай мен АҚШ нарықтарының жабық болуына байланысты жүзеге асырылады.

Сауданың тоқтатылуы юань және доллармен есеп айырысатын құралдарға, сондай-ақ KASE Global секторының кейбір активтеріне әсер етеді. Бұл стандартты процедура және нарықтың ішкі құрылымына әсер етпейді.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 01.10.26, 23.09.26 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы 
(KASE) KASE "Сауда-саттық регламенті және қаржы құралдарының 
параметрлері" атты ішкі құжатына сәйкес KASE-дегі сауда-саттық 
регламентіне 2026 жылдың қазанында мынадай өзгерістер енгізілетінін 
хабарлайды.

01, 02, 05–07 қазанда Қытай Халық Республикасында мереке күндеріне 
байланысты келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:

- CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;

- CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002;

- Т+0 шарттарында қытай юанімен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен).

12 қазанда АҚШ-тағы мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда-
саттық жүргізілмейді:

- USDKZT_TOD, USDCNY_TOD; USDAED_TOD, EURUSD_TOD;

- USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, 
  USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M, USDKZT_0_01Y, EURUSD_0_001, 
  EURUSD_0_002, USDAED_0_001, USDAED_0_002;

- Т+0 шарттарында АҚШ долларымен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен);

- АҚШ долларымен есеп айырысумен сауда жасайтын KASE Global 
  секторының бағалы қағаздарымен (туынды бағалы қағаздармен).

19 қазанда Қытай Халық Республикасында мереке күніне байланысты 
келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:

- CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;

- CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002;

- Т+0 шарттарында қытай юанімен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен).

Сауда-саттық регламенті және қаржы құралдарының параметрлері мына 
сілтеме бойынша қол жетімді 
https://kase.kz/files/normative_base/reg_par_fin_inst.pdf

[2026-10-01]