/қайталау/ 05 қаңтардан бастап KASE есеп айырысуы сауда-саттық жасалған күні өткізілетін қытай юані бойынша сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу жүргізу регламентін өзгертеді
/KASE, 05.01.26, 31.12.25 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 05 қаңтардан бастап KASE-де CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD, CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002 қаржы құралдарымен сауда-саттық өткізілген кезде төмендегі өзгерістер енгізілетінін хабарлайды: - сауда-саттықтың аяқталу уақыты Астана қ. уақытымен AST 11:30-дан 12:30-ға өзгертіледі; - клирингілік сессия AST 12:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі; - клирингілік қатысушылардың орындалу күні келген мәмілелер бойынша нетто-міндеттемелерді төлеу үшін қытай юанін жеткізуінің соңғы мерзімі – AST 14:30. KASE және KASE клиринг орталығының (KACC) ішкі құжаттарына тиісті түзету енгізілді: - Сауда-саттық және бақылау мен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысының регламентіне енгізілген № 22 өзгерістер; - Орталық контрагент қатысатын мәмілелер бойынша клирингілік сессияларды өткізу регламентіне енгізілген №7 өзгерістер мен толықтырулар. Жаңартылған құжаттар KASE мен KACC-тың төмендегі интернет- ресурстарында жарияланады: - https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-саттық" бетбелгісі); - https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Клиринг" бетбелгісі).
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026