30 қаңтардан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа және Мәмілелер жасасу мақсатында сауда-клирингілік шоттарды пайдалану ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі
/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2026 жылдың 29 қаңтарындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді: 1) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 16 өзгертулер; 2) Мәмілелер жасасу мақсатында сауда-клирингілік шоттарды пайдалану ережелеріне № 4 өзгертулер мен толықтыру. Түзетулер 2026 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулер KASE мүшелерінің клиенттеріне "валюталық" санатындағы кодтарды берудің екінші нұсқасын енгізуге байланысты енгізілді, ол валюта нарығындағы сауда-саттыққа қатысушының клиенттері үшін "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде ашылған қор нарығы клиенттерінің кодтарын пайдалануды көздейді. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules (закладка "Торги").
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026