30 қаңтардан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі
/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 29 қаңтарындағы шешімімен 2026 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 26 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулермен, оның ішінде мыналар көзделген: - сауда-саттық көлемі айына 25 млрд теңгеге жеткен кезде бір күн мерзімге қатысу клирингілік сертификаттарымен репо операциялары бойынша комиссиялық алымдарды төлеуден маркет-мейкерлерді босату; - сауда-саттық күні ішінде жасалған сатып алу-сату мәмілелерінің жиынтық көлеміне қол жеткізген кезде маркет-мейкерлерді жабу аукционында баға белгілеулерді қолдау талабынан босату; - сауда-саттық күні (T+0), сондай-ақ Қытай юаніне қатысты шетел валютасымен операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімімен Қытай юаны бойынша тайм-аутты 20 минутқа дейін ұлғайту; - SPOT және SWAP нарықтарында Біріккен Араб Әмірліктерінің дирхамына баға белгілеу талаптарын анықтау; - бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, жосықсыз мінез-құлық және/немесе бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану бөлігінде талаптардың сақталуы туралы хабарлама бойынша маркет-мейкер мәртебесін беруге өтініш білдірген сауда- саттыққа қатысушыға міндет жүктеу. Ережелерднің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("сауда- саттық" қалташасы – "Маркет-мейкерлер").
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026