02 ақпаннан бастап қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібіне түзетулер қолданысқа енгізілді
/KACC, 02.02.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 02 ақпанындағы шешімімен 2026 жылдың 02 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілген қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне (тәртібіне) енгізу тәртібіне № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулермен, оның ішінде мыналар көзделген: - TONIA: TCI, TCR_1M, TCR_3M және TCR_6 индикаторының туынды индекстері бойынша индекстелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты – мемлекеттік бағалы қағаздар үшін белгіленген "индекстеу түрі" (индекстелмеген немесе тіркелген) критерийі алынып тасталды; - облигациялар үшін белгіленген "индекстеу түрі" критерийі алынып тасталды (индекстелмеген немесе тіркелген) – TONIA Compounded көрсеткіштері бойынша индекстелген облигацияларға қатысты; - халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі өзектендірілді. Жаңартылған Тәртіптің мәтіні мына сілтеме бойынша KACC интернет- ресурсында жарияланады https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Тәуекел- менеджмент" қалташасы).
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026