04 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 03.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 04 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: 1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 12 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап қайта басталады; 2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 сәуіріне және одан кейінгі күндерге келетін Verizon Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026