/KASE, 04.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін KASE сауда-саттық
жүйесінде Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының мынадай
облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық
өтетінін хабарлайды:
1) KZMJ00002897 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KGK120_289;
1 000 теңге, 1 397 062 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық
19,00 %; 30/360) 1 397 062 данасы.
2) KZMJ00002905 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KGK084_290;
1 000 теңге, 4 191 187 000 теңге; 7 жыл; жылдық купон, жылдық
19,00 %, 30/360) 4 191 187 данасы;
Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін,
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау
уақыты бойынша.
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.