Нарық
23.11.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының бес шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілуде

27.03.2026 09:58 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 27.03.26/ – Бүгінгі таңда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-
саттық жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі:

1) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002913 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 теңге, 
   11 073 923 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 1 500 000 данасы;

2) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002939 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 теңге, 
   11 073 923 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 3 000 000 данасы;

3) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00002947 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 
   1 000 теңге, 11 073 923 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 3 000 000 данасы;

4) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00002954 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 
   1 000 теңге, 11 073 923 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 2 000 000 данасы;

5) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003028 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 теңге, 
   11 073 923 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 1 600 000 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz