30 наурыздан бастап KASE KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009637 (BRKZb32) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 30.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 наурызынан бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009637 (BRKZb32) облигацияларын айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_ESGB* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен алып тастады. 2026 жылдың 30 наурызынан бастап KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 18 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_ESGB_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есептемегенде бағалар бойынша есептелетін ESG-облигациялардың "таза бағалар" индексі, %. KASE_ESGB_DP – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін ESG-облигациялардың "таза емес" индексі, %. KASE_ESGB_Y-ESG-облигациялардың кірістілік индикаторы, %. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026