Нарық
24.11.2026

13 сәуірден бастап үш атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

09.04.2026 17:21 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра
БөлісуTelegramWhatsApp
/KACC, 09.04.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық 
тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 13 сәуірінен 
бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен 
жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының 
тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша 
міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының 
тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар енгізіледі:

1) Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00017415 ("халықаралық қаржы 
   ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb60) – T+ Тізімі және 
   T+ Қамтамасыз ету тізіміне;

2) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00015147 (KASE негізгі 
   алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb109) – Т+ Тізіміне;

3) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00015154 (KASE негізгі 
   алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb110) – Т+ Тізіміне.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz