10 сәуірден бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00017791 (ORBSb8) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
Хабарламадағы бағалы қағаз:
ORBSB8
Orbis Leasing · KASE · 101,82 ₸ (24.11.2026) →
/KASE, 10.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 09 сәуірінде "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00017791 (ORBSb8; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялары баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 10 сәуірінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы 2023 жылдың 03 қазанында 10,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Orbis Leasing" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші болып табылады. "Сентbis Leasing" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ORBSb8
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026