Нарық
24.11.2026

13 сәуір күні Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

10.04.2026 16:23 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 07.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде 2026 жылдың 13 сәуірінде Астана қаласының жергілікті атқарушы 
органының келесі облигацияларын орналастыру бойынша арнайы 
мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) KZZJ00000193 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK120_019; 
   1 000 теңге, 618 390 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 19,15 %; 
   30/360) 618 390 данасы;

2) KZZJ00000201 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK060_020; 
   1 000 теңге, 1 855 172 000 теңге; 5 жыл; жылдық купон, жылдық 
   19,15 %; 30/36030/360) 1 855 172 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz