Нарық
24.11.2026

/ҚАЙТАЛАУ/ 17 сәуір күні Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

16.04.2026 09:55 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 16.0426, 14.04.26 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының 
(KASE) сауда-саттық жүйесінде 2026 жылдың 17 сәуірінде Астана 
қаласының жергілікті атқарушы органының келесі облигацияларын 
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетінін 
хабарлайды:

1) KZZJ00000177 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK022_017; 
   1 000 теңге, 15 000 000 000 теңге; 22 ай; жылдық купон, жартыжылдық 
   4,25 %; 30/360) 15 000 000 данасы;

2) KZZJ00000201 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK013_018; 
   1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 13 ай; жартыжылдық купон, жылдық 
   4,25 %; 30/36030/360) 5 000 000 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz