"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 28 мамырда өткізу туралы хабарлама
/KASE, 24.04.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) 2026 жылдың 28 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібі: 1) қоғамның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; 2) қоғамның 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы; 3) қоғамның Директорлар кеңесінің 2025 жылда атқарған жұмысы туралы жылдық есебін бекіту туралы; 4) қоғам акционерлерінің 2025 жылдағы қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы; 5) акционерлік қоғамның жарғысына өзгеріс енгізу туралы; 6) акционерлік қоғамның Корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы; 7) қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы. Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат ораналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_special_shareholders_meeting_info_280 526_6667.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026