Бүгін Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3358410002 (BTRKe6) халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі
Хабарламадағы бағалы қағаз:
BTRKE6
Бәйтерек ҰИХ · KASE · 98,47 $ (16.11.2026) →
/KASE, 28.04.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3358410002 (BTRKe6) халықаралық облигацияларын, төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) жазылу арқылы, бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылудың бастамашысы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. -------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: халықаралық облигациялар ISIN: XS3358410002 KASE сауда-саттық коды: BTRKe6 ------------------------------------- ------------------------ Жазылым күні: 28.04.26 Бір облигацияның бағасы, АҚШ доллары: 500 000 000 дейін Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді және нарықтық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 14:00 -------------------------------------------------------------- "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның бірлескен букраннерлері Citigroup, "Halyk Finance" АҚ, Societe Generale Corporate&Investment Banking болып табылады. Өтінімнің ең төменгі көлемі номиналды құны бойынша 200 000 АҚШ доллары немесе номиналы бойынша 1 000 АҚШ долларының еселенген көлемнен үлкен көлем. Жылдық пайызбен көрсетілген өтеуге кірістілік белгіленеді ("Сілтеме" жолағында). Баға ретінде өтінімде 100 мәні көрсетіледі (тек техникалық мақсаттар үшін). Нарықтық өтінімдер берілген жағдайда баға ретінде "контрагенттің бағасы бойынша" көрсетіледі. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған жеке тұлғаның азаматтығы немесе мемлекет. Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026