30 сәуірден бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауысуына байланысты" Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигацияларын алып тастады
/KASE, 30.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауысуына байланысты "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигацияларын негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімнен алып тастады. 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 79 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026