Нарық
24.11.2026

30 сәуірден бастап "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00017932 (MFMCb3) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

30.04.2026 10:43 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MFMCB3 MyCar Finance МҚҰ · KASE · 101,89 ₸ (24.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 30.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 28 сәуірінде "MyCar Finance "МҚҰ" ЖШС 
(Алматы) KZ2P00017932 (MFMCb3; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 2 жыл; 
тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) 
облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE 
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап күшіне 
енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 09 ақпанында 20,0 млрд 
теңге сомасына тіркелген "MyCar Finance "МҚҰ" ЖШС-нің бірінші 
облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFMCb3
Об эмитенте MyCar Finance МҚҰ MFMC · БСН 181240027056
MFMCB3 · KASE 101,89₸ мәміле 24.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz