05 мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00017911 (BTRKb32) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
Хабарламадағы бағалы қағаз:
BTRKB32
Бәйтерек ҰИХ · KASE · 1 079,32 ₸ (16.11.2026) →
/KASE, 05.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 28 сәуірінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00017911 (BTRKb32; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 05 мамырынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 15-ші болып табылады. "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb32
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026