"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 28 сәуірде жетіжылдық XS3358410002 (BTRKe6) халықаралық облигацияларын орналастыра отырып, KASE-де жазылу арқылы $17,8 млн тартты
Хабарламадағы бағалы қағаз:
BTRKE6
Бәйтерек ҰИХ · KASE · 98,47 $ (16.11.2026) →
/KASE, 08.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, 2026 жылғы 28 сәуірде "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың XS3358410002, US05709XAA81 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKe6) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-дегі жазылу нәтижесі көрсетілген. Осы облигацияларға жазылу жүргізу барысында KASE-де бірлескен жетекші менеджер және букраннер ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті. ------------------------------------------------------------------------ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ------------------------------------------------------- ---------------- Қатысушы саны: 4 Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді): 10 / 5 оның ішінде: – шектелімді: 8 / 4 – нарықтық: 2 / 1 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары, 18,0 оның ішінде: – шектелімді: 17,0 – нарықтық: 1,0 ------------------------------------------------------------------------ * белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған өтінімдер; оның ішінде Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 83,3% банктердің үлесіне, 16,7% басқа институттық инвесторлардың үлесіне тиеді. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ: ------------------------------------------------------- ------------ Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 18 000 000 Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 17 818 200,0 Қанағаттандырылған өтінімдердің саны: 5 Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 4 Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, 5,3750 жылдық % Түпкілікті купондық мөлшерлеме, жылдық %: 5,20 -------------------------------------------------------------------- Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде жалпы көлемнің 83,3 %-ын банктер, 16,7 %-ын басқа институционалдық инвесторлар сатып алды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес KASE-нің көрсетілген облигацияларына жазылым нәтижесі бойынша осы ақпаратты жариялаған сәтте мәмілелер бойынша толық есеп айырысу жүргізілген, жазылым аяқталды.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026