12 мамырдан бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 08.05.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 12 мамырдан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режімдерінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды: 1) US02079K1079 (KASE "KASE Global" секторы, GOOG_KZ) ALPHABET INC., есеп айырысуы 2026 жылғы 08 маусымға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 10 маусымнан бастап қайта басталады; 2) US70450Y1038 (KASE "KASE Global" секторы, PYPL_KZ) PayPal Holdings Inc., есеп айырысуы 2026 жылғы 04 маусымға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 08 маусымнан бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы KASE-де ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026