"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ 29 сәуірде 10-жылдық XS3366268384 (KZTGe2) халықаралық облигацияларын орналастыра отырып, KASE-де жазылу арқылы $81,8 млн тартты
Хабарламадағы бағалы қағаздар:
KZTGE2
QazaqGaz ұлттық компаниясы · KASE · 98,45 $ (16.11.2026) →
QZGZ.0536
QazaqGaz · AIX →
/KASE, 12.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, 2026 жылғы 29 сәуірде "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-тың XS3366268384 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZTGe2) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE- дегі жазылу нәтижесі көрсетілген. KASE-де осы облигацияларға жазылуды өткізген кезде қазақстандық жетекші менеджер және ұйымдастырушы ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті. Ко-менеджер Freedom Broker болды. --------------------------------------------------------- СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ----------------------------------------------- --------- Қатысушы саны: 4 Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді): 18 / 7 оның ішінде: – шектелімді: 17 / 6 – нарықтық: 1 / 1 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары, 91,9 оның ішінде: – шектелімді: 91,7 – нарықтық: 0,2 --------------------------------------------------------- * белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 87,1 % банктердің, 3,3 % брокерлік- дилерлік ұйымдардың, 9,5% өзге институционалдық инвесторлардың, 0,2% басқа жеке адамдардың үлесіне тиеді. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ: ------------------------------------------------------- ------------ Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 83 400 000 Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 81 840 420,0 Қанағаттандырылған өтінімдердің саны: 5 Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 3 Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, 5,8750 жылдық % Түпкілікті купондық мөлшерлеме, жылдық %: 5,625 -------------------------------------------------------------------- Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 95,9%-ын банктер, 3,6 %-ын брокерлік- дилерлік ұйымдар, 0,2 %-ын басқа институционалдық ұйымдар, 0,2%-ын басқа жеке адамдар сатып алған. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес KASE-нің көрсетілген облигацияларына жазылым нәтижесі бойынша осы ақпаратты жариялаған сәтте мәмілелер бойынша толық есеп айырысу жүргізілген, жазылым аяқталды.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026