Нарық
24.11.2026

15 мамырдан бастап "Eurasia Building-British" ЖШС KZ2P00018104 (ERBBb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

15.05.2026 14:21 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: ERBBB1 Eurasia Building-British · KASE · 1 001,35 ₸ (28.05.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 15.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 15 мамырында "Eurasia Building-British" ЖШС 
(Қарағанды)KZ2P00018104 (ERBBb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; 
тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигациялары баламалы 
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 15 мамырынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 23 сәуірінде 10,0 млрд теңге 
сомасына тіркелген "Eurasia Building-British" ЖШС-нің бірінші облигациялық 
бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.

"Eurasia Building-British" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Teniz Capital Investment 
Banking" АҚ болып табылады.

"Eurasia Building-British" ЖШС қызметінің негізгі түрі – тұрғын үй 
ғимараттарын салу.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ERBBb1
Об эмитенте Eurasia Building-British ERBB · БСН 061140016687
ERBBB1 · KASE 1 001,35₸ мәміле 28.05.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz