2026 жылдың 28 мамырында "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлері 2025 жылға дивидендтер төлеу туралы мәселені қарайды
/KASE, 18.05.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың интернет-ресурсында ( https://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcionerlerdin_zhalpi_zhinalisi/ ) 2026 жылғы 28 мамырға тағайындалған «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының материалдары жарияланды. Атап айтқанда, "ҚазТрансОйл" АҚ-тың 2025 жылға арналған таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында төмендегіні бекіту ұсынылады: - 2025 жылдың қорытындысы бойынша алынған 56 606 539 000 теңге мөлшеріндегі таза табысты бөлудің келесі тәртібі: 45 386 115 682 теңге сомасын дивидендтер төлеуге бағыттау, ал қалған 11 220 423 318 теңгені бөлмей, "ҚазТрансОйл" АҚ-тың иелігінде қалдыру; - 2025 жылға арналған бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін 118 теңге көлемінде бекіту. 2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 5 маусым сағат 00:00-дегі жағдай бойынша тіркелсін. 2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер төлеудің басталу күні 2026 жылғы 11 маусым болып белгіленсін. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180526_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180526_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180526_eng.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026