Нарық
23.11.2026

28 мамырда KASE-де "KMF Банк" АҚ-тың 5,0 млн KZ2C00018034 (MFKMb10) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

25.05.2026 15:31 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MFKMB10 KMF Банк · KASE · 103,23 ₸ (23.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 25.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 28 мамырда 
KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "KMF Банк" АҚ-тың KZ2C00018034 (KASE 
негізгі алаңы," "облигациялар" санаты, MFKMb10) облигацияларын төменде 
көрсетілген талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-
саттық өткізілетінін хабарлайды. Төменде мамандандырылған сауда-
саттықты өткізудің шарттары көрсетілген (Астана қ. уақытымен).

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                        купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2C00018034                    
KASE сауда-саттық коды:                   MFKMb10                         
Номиналды құны, теңге:                    1 000,00                        
Шығарылым көлемі, теңге:                                                  
- тіркелген:                              10 000 000 000                  
- орналастырылған:                        –                               
Айналыс басталған күн:                    облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша бірінші аяқталған       
                                          аукцион өткізілген күн          
Айналыста болатын соңғы күн:              кейінірек анықталады            
Өтеу басталатын күн:                      кейінірек анықталады            
Айналыс мерзімі:                          2 жыл (720 күн)                 
Купондық мөлшерлеме:                      облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша бірінші аяқталған сауда-
                                          саттық өткізу қорытындысы       
                                          бойынша анықталады              
Купон төленетін кезең:                    жылына 4 рет                    
Купон төлеу басталатын күн:               кейінірек анықталады            
Уақыттық базасы:                          30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:             28.05.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 5 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана:                        1                               
Сауда-саттық  мәні:                       Купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға берілген өтінім түрі:         шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінім қабылданатын уақыт:                10:00–12:00                     
Өтінім расталатын уақыт:                  10:00–12:30                     
Кесім уақыты:                             13:00 (Т+0)                     
Төлем жасалатын күн және уақыт:           28.05.26, 13:00                 
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесім бағасына тең     
                                          немесе одан төмен өтінімдер     
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына байланысты          бір баға бойынша бөліп жіктеу   
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру                                     
тәсілі:                                                                   
Берілген кезегіне байланысты              қарсы өтінімдерді қабылдау      
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру     уақыты бойынша                  
тәсілі:                                                                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Halyk Finance" АҚ              
--------------------------------------------------------------------------

"KMF Банк" АҚ-тың бірлескен Қаржы жөніндегі кеңесші андеррайтерлері – 
"Halyk Finance" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC 
Invest" АҚ.

Өтінім бағасы ретінде купон мөлшерлемесін үтірден кейінгі екінші белгіге 
дейін көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен 
көрсету керек.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны 
көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең 
немесе оған есе болуы керек.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір 
облигацияның номиналды бағасының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз 
ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып 
алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем 
мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында 
қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Об эмитенте KMF Банк MFKM · БСН 061240001583
MFKMB10 · KASE 103,23₸ мәміле 23.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz