Нарық
23.11.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының 2,0 млн KZMJ00003200 (TKK022_320) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық жүргізілуде

28.05.2026 11:26 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 28.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының 
KZMJ00003200 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK022_320; 1 000 
теңге, 5 000 000 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 
30/360) облигацияларының 2 000 000 данасын орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz