01 маусымнан бастап KASE_KZ3BUP* сериялы индекстердің өкілдік тізімі алты атаудағы облигациялардан тұратын болады
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылғы 01 маусымнан бастап KASE_KZ3BUP* сериясының индекстерін есептеу үшін келесі өкілдік тізімді айқындады: 1) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00008332 (BTRKb8); 2) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00007862 (KAFIb11); 3) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00008514 (KAFIb12); 4) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13); 5) "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1); 6) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00002319 (SKKZb11). Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. KASE Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет теңгемен номинацияланған BBB- дейінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялардың индекстері мен индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімдерді қайта қарайды. Көрсетілген облигациялардан KASE_KZ3BUP* индекстер сериясы мыналарды қамтиды: - KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі; - KASE_KZ3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі; - KASE_KZ3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен; - индекстің дюрациясы, жылдармен. Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/bonds/kase-kz3-cp
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026