KASE өзінің интернет-ресурсында Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI мамыр айына Freedom Holding Corp. ұсынған шолуын жариялады
/KASE, 03.06.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылғы мамырдағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды. Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірі келтірілген: "Қазақстанның қызмет көрсету саласы мамыр айында өсу серпінін сақтап қалды, алайда кеңеюден бейімделу моделіне ауысу белгілері байқалады. Жаңа тапсырыстар ағынының жалғасуына қарамастан, компаниялар маржаның айтарлықтай қысқаруы және баға белгілеудегі шектеулі икемділік аясында қызметкерлер санын қысқартуды күшейтуге мәжбүр. Бұл кәсіпорындардың операциялық тиімділікке елеулі қысым сезініп отырғанын көрсетеді. Халықтың нақты табысының төмендеуі және тұтынушылық несиелеудің баяулауы ішкі сұраныс базасын тарылтуды жалғастыруда, ал коммуналдық тарифтерді ырықтандырудың (босатудың) әсері алдағы айларда ғана толық сіңіріледі. Осы жағдай аясында бір жылдық көкжиектегі іскерлік күтулер қалыпты оптимизм деңгейінде сақталып отыр, ал ең жоғары тұрақтылық орта бизнес сегментінде байқалады". Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2605_PR_6c129ec875.pdf Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2605_PR_6fa939a364.pdf Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2605_PR_72a840ab90.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026