15 маусымнан бастап KASE-де екі жай акцияның саудасы тоқтатылады
/KASE, 12.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 15 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: 1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін ORACLE CORPORATION US68389X1054 ("KASE Global" секторы, ORCL_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 13 шiлдесiнен бастап қайта басталады 2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 20 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) Caterpillar, сауда-саттық 2026 жылдың 22 шiлдесiнен бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026