Нарық
23.11.2026

23 маусымда Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

22.06.2026 15:01 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 22.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
23 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде мынадай облигацияларды 
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетінін 
хабарлайды:

1) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003291 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ATK022_329; 1 000 теңге, 
   2 000 000 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 
   30/360) 2 000 000 дана;

2) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003267 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, DZK022_326; 1 000 теңге, 
   3 000 000 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 
   30/360) 3 000 000 дана;

3) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003275 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK022_327; 
   1 000 теңге, 2 069 078 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 
   4,25%; 30/360) 2 069 078 дана.

KZMJ00003291 (ATK022_329) бойынша өтінімдерді қабылдау Астана қ. 
уақытымен сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін, есептесулерді жүзеге асыру 
уақыты – Астана қ. уақытымен сағат 15:30-ға дейін жүзеге асырылады.

KZMJ00003267 (DZK022_326) және KZMJ00003275 (VKK022_327) бойынша 
өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz