30 маусымнан бастап Мүшелік туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді
/KASE, 01.07.26/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) 2026 жылдың 30 маусымЫНдағы шешімімен, 2026 жылдың 30 маусымынан бастап қолданысқа енгізілген, "Мүшелік туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына № 13 өзгертулер мен толықтыру (түзетулер) бекітілді. Түзетулерде мыналар көзделген: - KASE мүшелерімен ақпараттық жүйелер мен өзара іс-қимыл арналарының әмбебап атауын қолдану мақсатында "Биржаның электрондық қызметтер платформасы" термині енгізілді; - KASE мүшелігіне қабылдау туралы өтініш үлгісі өзектендірілді. Бұдан басқа, 2026 жылдың 30 маусымынан бастап KASE "Кәсіби этика және іскерлік мінез-құлық ережелері" атты ішкі құжатының күші жойылды деп танылды. Бұл ретте сауда-саттыққа қатысушылардың әділ мінез-құлқының жалпы этикалық нормалары мен қағидаттары Қағиданың 4-1 бабында бекітілген. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("Мүшелік" қалташасы).
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026