07 шілдеден бастап KASE "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 07.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 07 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (03 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні). 2026 жылдың 07 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 75 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026