10 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады
Хабарламадағы бағалы қағаз:
SBUX_KZ
Starbucks · KASE · 104,80 $ (23.11.2026) →
/KASE, 09.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 10 шiлдесiнен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде жасалатын репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2026 жылдың 14 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Starbucks Corporation компаниясының US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды, сауда-саттық 2026 жылдың 17 тамызынан бастап қайта басталады. Бұдан басқа, есеп айырысу күні 2026 жылдың 01 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда- саттығын тоқтата тұруы ұзартылды, сауда-саттық 2026 жылдың 03 қыркүйегiнен бастап қайта басталады: 1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF; 2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF; 3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF; 4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON; 5) US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF; 6) US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF; 7) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF. KASE "Сауда-саттықты өткізу қағидалары" атты ішкі құжатының 13 тарауы, 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеуге арналған тізілімді бекіту туралы ақпараттың алынуына байланысты сауда-саттық тоқтатылды.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026