Fitch Ratings агенттігі KASE Клиринг орталығының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін растады және ұлттық валютадағы рейтингтерді берді, болжам "Тұрақты"
/KACC, 20.07.26/ – "KASE клиринг орталығы" АҚ (KACC, Клиринг орталығы)
халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігінің Клиринг орталығының BBB-
деңгейіндегі ұзақмерзімді кредиттік рейтингін (Long-Term Issuer Default
Rating) және bbb- деңгейіндегі мемлекеттік қолдау рейтингін (Government
Support Rating) растағанын, сондай-ақ BBB- деңгейінде ұлттық валютадағы
ұзақмерзімді кредиттік рейтинг (Long-Term Local-Currency Issuer Default
Rating) және "AA+(kaz)" деңгейінде ұлттық ұзақмерзімді рейтинг бергенін
хабарлайды. Барлық рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".
Расталған BBB- халықаралық рейтингі инвестициялық деңгейге сәйкес
келеді және дефолт тәуекелінің төмен екенін көрсетеді, ал берілген
"AA+(kaz)" ұлттық рейтингі Қазақстан эмитенттері арасындағы кредитке
қабілеттілігінің ең жоғары деңгейлерінің бірін білдіреді. Клиринг
орталығының рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингінен
небәрі бір саты төмен белгіленген және еліміздің ең ірі банктерінің
рейтингтері деңгейіне сәйкес келеді.
Толығырақ ақпарат KACC баспасөз мәлімдемесінде берілген.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kacc.kz/uploads/Fitch_Ratings_KASE_kliring_ortaly_yny_BBB_rejtingin_T_ra_ty_bolzhamymen_rastady_zh_ne_AA_kaz_ltty_rejtingin_berdi_6e56a68ab6.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kacc.kz/uploads/Fitch_Ratings_podtverdilo_Kliringovomu_czentru_KASE_rejting_VVV_s_prognozom_Stabilnyj_i_prisvoilo_naczionalnyj_rejting_AA_kaz_fe2e7c05ec.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kacc.kz/uploads/Fitch_Ratings_affirmed_the_KASE_Clearing_Centre_s_BBB_rating_with_Stable_outlook_and_assigned_it_a_national_rating_AA_kaz_cbb58a2b6b.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026