23 шілдеден бастап KASE KASE_KZ3BUP сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 23.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты BBB- және одан жоғары (KASE_KZ3BUP сериясы) халықаралық кредиттік рейтингі бар KZT-мен номинацияланған корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен алып тастады. 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап KASE_KZ3BUP сериясы индикаторларының өкілдік тізімі бес атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) корпоративтік облигациялар құнының өзгеруін көрсететін "таза" бағалар индексі. KASE_KZ3_TR – жиынтық табыс индексі (есептелген, төленген купондық төлемді және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып). KASE_KZ3_Y – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026