30 шілдеден бастап KASE айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "Home Credit Bank" АҚ-тың ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00009918 (HCBNb10) облигацияларын KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімінен шығарды
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 30 шілдеден бастап айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты ("30 шілде – өтеу кезіндегі тіркеу күні") "Home Credit Bank" АҚ-тың ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00009918 (HCBNb10) облигацияларын негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығы индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған өкілдік тізімнен шығарды. 2026 жылғы 30 шілдеден бастап KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімі 70 атаудағы облигациядан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – есептелген және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмайтын ("таза" бағамен есептелетін) корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Аталған индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен жүргізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026