Нарық
23.11.2026

Бүгін KASE-де "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-тың 60,5 млн KZ2C00018695 (BTRKb34) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

31.07.2026 09:12 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: BTRKB34 Бәйтерек ҰИХ · KASE · 106,32 ₸ (16.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 31.07.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE-нің сауда-
саттық жүйесінде "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-тың 
KZ2C00018695 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb34) 
облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін (Астана қ. уақытымен) 
хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                      купондық облигациялар                   
ISIN:                                   KZ2C00018695                            
KASE сауда-саттық коды:                 BTRKb34                                 
Номиналды құны, теңге:                  1 000                                   
Шығарылым көлемі, теңге:                                                        
- тіркелген:                            60 500 000 000                          
- орналастырылған:                      –                                       
Айналыс басталған күн:                  облигацияларды орналастыру бойынша      
                                        бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн
Айналыста болатын соңғы күн:            кейінірек анықталады                    
Өтеу басталатын күн:                    кейінірек анықталады                    
Айналыс мерзімі:                        5 жыл (1 800 күн)                       
Купондық мөлшерлеме:                    облигацияларды орналастыру бойынша      
                                        бірінші аяқталған сауда-саттық өткізу   
                                        қорытындысы бойынша анықталады          
Купон төленетін кезең:                  жылына 2 рет                            
Купон төлеу басталатын күн:             кейінірек анықталады                    
Уақыттық базасы:                        30/360                                  
--------------------------------------- ----------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:           31.07.26                                
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 60 500 000 000                          
Лот мөлшері, дана:                      1                                       
Сауда-саттық мәні:                      Купон мөлшерлемесі                      
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       лимиттелген                             
Өтінім беру тәсілі:                     жабық                                   
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–12:00                             
Өтінім расталатын уақыт:                10:00–12:30                             
Кесім уақыты:                           13:00 (Т+0)                             
Төлем жасалатын күн және уақыт:         31.07.26, 13:00                         
Өтінімдерді кесу әдісі:                 бағалары кесім бағасына тең             
                                        немесе одан төмен өтінімдер             
                                        кесіп алып тасталады                    
Өтінімдердің бағасына байланысты        бір баға бойынша бөліп жіктеу;          
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру                                          
тәсілі:                                                                         
Берілген кезегіне байланысты            қарсы өтінімдерді қабылдау              
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру   уақыты бойынша                          
тәсілі:                                                                         
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:   "Halyk Finance" АҚ                      
--------------------------------------------------------------------------------

Облигациялардың бірлескен андеррайтерлері – "Halyk Finance" АҚ және 
"Alatau City Invest" АҚ.

Өтінім бағасы ретінде купон мөлшерлемесін үтірден кейінгі екінші белгіге 
дейін көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен 
көрсету керек.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны 
көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең 
немесе оған есе болуы керек.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір 
облигацияның номиналды бағасының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз 
ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып 
алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем 
мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында 
қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Об эмитенте Бәйтерек ҰИХ BTRK · БСН 130540020197
BTRKB34 · KASE 106,32₸ мәміле 16.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz