Нарық
23.11.2026

Бүгін KASE-де "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың 55,5 млн дана KZ2C00019255 (SKKZb35) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтіп жатыр

31.07.2026 09:46 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 31.07.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының 
(KASE) сауда-саттық жүйесінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-
тың 55,5 млн дана KZ2C00019255 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" 
санаты, SKKZb35) облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен (Астана 
қ. уақытымен) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіліп жатыр.

------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                      купондық облигациялар           
ISIN:                                   KZ2C00019255                    
KASE сауда-саттық коды:                 SKKZb35                         
Номиналды құны, теңге:                  1 000,00                        
Шығарылым көлемі, теңге:                                                
- тіркелген:                            55 500 000 000                  
- орналастырылған:                      –                               
Айналыс басталған күн:                  облигацияларды орналастыру      
                                        бойынша бірінші аяқталған       
                                        аукцион өткізілген күн          
Айналыста болатын соңғы күн:            кейінірек анықталады            
Өтеу басталатын күн:                    кейінірек анықталады            
Айналыс мерзімі:                        15 жыл (5 400 күн)              
Купондық мөлшерлеме:                    құбылмалы (TONIA Compounded     
                                        Index +бекітілген купон)        
Купон төленетін кезең:                  жылына 2 рет                    
Купон төлеу басталатын күн:             кейінірек анықталады            
Уақыттық базасы:                        30 / 360                        
--------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:           31.07.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 55 500 000 000                  
Лот мөлшері, дана:                      1                               
Сауда-саттық мәні:                      бекітілген купонның мөлшерлемесі
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       лимиттелген                     
Өтінім беру тәсілі:                     жабық                           
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–12:00                     
Өтінім расталатын уақыт:                10:00–12:30                     
Кесім уақыты:                           13:00 (Т+0)                     
Төлем жасалатын күн және уақыт:         31.07.26, 13:00                 
Өтінімдерді кесу әдісі:                 бағалары кесім бағасына тең     
                                        немесе одан төмен өтінімдер     
                                        кесіп алып тасталады            
Өтінімдердің бағасына байланысты        бір баға бойынша бөліп жіктеу;  
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру                                  
тәсілі:                                                                 
Берілген кезегіне байланысты            қарсы өтінімдерді қабылдау      
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру  уақыты бойынша                  
тәсілі:                                                                 
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:   "Halyk Finance" АҚ              
------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде облигацияның номиналды құнының пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен белгіленген 
тіркелген купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуге тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны 
көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең 
немесе оған есе болуы керек.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір 
облигацияның номиналды бағасының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз 
ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып 
алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем мерзімінде 
"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында қаражаттың болуын 
қамтамасыз етуге міндетті.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz