05 тамыздан бастап KASE-де үш атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылды
/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 05 тамыздан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттықтың уақытша тоқтатылғанын хабарлайды: 1) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) Apple Inc. акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 10 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қайта басталады; 2) US30233Q1085 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) Exxon Mobil Corporation акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 17 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 19 тамыздан бастап қайта басталады; 3) US1667641005 ("KASE Global" секторы, CVX_KZ) Chevron Corporation акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 19 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 21 тамыздан бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE-де аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Сауда- саттықты жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77- тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026