Нарық
23.11.2026

/толықтырылды/ 2026 жылдың қазан айында KASE сауда-саттық регламентіне өзгерістер

12.10.2026 10:46 · KASE Регламент и торги торговая информация сауда-саттық регламенті новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылдың қазанында Қытайда (01, 02, 05-07, 19 қазан), АҚШ-та (12 қазан) және Қазақстанда (26 қазан) мереке күндеріне байланысты KASE-дегі сауда-саттық регламенті өзгереді.
  • Инвестор үшін: Бұл шектеулер белгілі бір валюта жұптарымен және Т+0 шарттарындағы есеп айырысулармен сауда жасау мүмкіндігінің болмауына әкеледі.
  • Неге назар аудару керек: Инвесторларға сауда жүргізілмейтін нақты күндерді және әсер ететін құралдар тізімін ескеру қажет.
KASE 2026 жылдың қазан айына арналған сауда кестесін жариялады. Сауданың тоқтатылуы Қытай, АҚШ және Қазақстан мемлекеттеріндегі мереке күндерімен байланысты, бұл стандартты процедуралық шара болып табылады.

Шектеулер негізінен валюта нарығына, сондай-ақ тиісті валюталарда есеп айырысу жүргізілетін бағалы қағаздарға және KASE Global секторына қатысты. Бұл жағдай нарықтың ішкі құрылымына әсер етпейді, бірақ операциялық жоспарлау кезінде есепке алынуы тиіс.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 12.10.26, қазанға арналған сауда-саттық регламенті туралы ақпарат 
қосылды/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE "Сауда-саттық регламенті 
және қаржы құралдарының параметрлері" атты ішкі құжатына сәйкес KASE-
дегі сауда-саттық регламентіне 2026 жылдың қазанында мынадай 
өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.

01, 02, 05–07 қазанда Қытай Халық Республикасында мереке күндеріне 
байланысты келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:

- CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;

- CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002;

- Т+0 шарттарында қытай юанімен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен).

12 қазанда АҚШ-тағы мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда-
саттық жүргізілмейді:

- USDKZT_TOD, USDCNY_TOD; USDAED_TOD, EURUSD_TOD;

- USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, 
  USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M, USDKZT_0_01Y, EURUSD_0_001, 
  EURUSD_0_002, USDAED_0_001, USDAED_0_002;

- Т+0 шарттарында АҚШ долларымен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен);

- АҚШ долларымен есеп айырысумен сауда жасайтын KASE Global 
  секторының бағалы қағаздарымен (туынды бағалы қағаздармен).

19 қазанда Қытай Халық Республикасында мереке күніне байланысты 
келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:

- CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;

- CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002;

- Т+0 шарттарында қытай юанімен есеп айырысумен саудаланатын 
  бағалы қағаздармен (туынды бағалы қағаздармен).

26 қазанда Қазақстанда мереке күніне байланысты сауда-саттық 
жүргізілмейді, Қазақстанның қаржы нарықтары жабылады.

Сауда-саттық регламенті және қаржы құралдарының параметрлері мына 
сілтеме бойынша қол жетімді 
https://kase.kz/files/normative_base/reg_par_fin_inst.pdf

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz