Нарық
24.11.2026

16 қазан күні Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ 1,0 млн KZ2C00020717 облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарланды

15.10.2026 10:56 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: LZGRB23 Лизинг Групп · KASE · 100,00 ₸ (06.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 16 қазанда KASE-де Лизинг Групп АҚ компаниясының 1 млрд теңге көлеміндегі (1 млн дана) KZ2C00020717 облигацияларын орналастыру жоспарланған.
  • Инвестор үшін: Бұл инвесторлар үшін жаңа құжатқа инвестициялау мүмкіндігін ашады, ал купондық мөлшерлеме алғашқы сауда-саттық нәтижелері бойынша анықталады.
  • Неге назар аудару керек: Облигациялардың ресми тізімге енгізілуіне және 16 қазан күні сағат 09:30-11:00 аралығындағы өтінімдердің нәтижелеріне назар аудару қажет.
Лизинг Групп АҚ компаниясы KASE сауда-саттық жүйесінде купондық облигацияларды орналастыруды жоспарлап отыр. Шығарылымның тіркелген көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды, ал ағымдағы сауда-саттық аясында 1 млрд теңге көлеміндегі бағалы қағаздар ұсынылады. Облигациялардың номиналды құны 1 000 теңге, ал купондар айына бір рет төленеді.

Купондық мөлшерлеме алдын ала белгіленбеген, ол жабық әдіспен жиналған шектелімді өтінімдердің нәтижелері бойынша анықталады. Сауда-саттыққа тек KASE қор нарығының мүшелері ғана қатыса алады, ал розницалық инвесторлар бұл брокерлер арқылы жүзеге асырады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 15.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
16 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Лизинг Групп" АҚ 
KZ2C00020717 облигацияларын орналастыру бойынша төмендегі 
шарттарда (Астана қ. уақыты) мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілу 
жоспарланғанын хабарлайды.

Мамандандырылған сауда-саттық аталған облигациялар KASE ресми 
тізіміне енгізілген жағдайда өткізілетін болады

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2C00020717                    
KASE сауда-саттық коды:                   кейінірек беріледі              
Номиналды құны, теңге:                    1 000                           
Шығарылым көлемі, теңге:                                                  
– тіркелген:                              2 500 000 000                   
– орналастырылған:                        –                               
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықты өткізу күні      
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады            
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады            
Өтінім беру мерзімі:                      180 күн                         
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықтың нәтижелері      
                                          бойынша анықталады              
Купондарды төлеу мерзімділігі:            айына 1 рет                     
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады            
Уақыттық база:                            30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        16.10.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   1 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              09:30–11:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                09:30–11:30                     
Кесімдеу уақыты:                          12:30 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    16.10.26, 12:30                 
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Tencor Securities" АҚ          
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигацияның номиналды құнынан пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың 
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz