Нарық
23.11.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ 1,0 млн KZ2C00020717 (LZGRb23) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

16.10.2026 09:09 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 16 қазанда Лизинг Групп АҚ 1 млрд теңге көлеміндегі KZ2C00020717 облигацияларын орналастыру бойынша сауда-саттық өткізеді.
  • Инвестор үшін: Бұл құрал купондық облигация болып табылады, оның номиналды құны 1 000 теңге, ал купон мөлшерлемесі сауда-саттық нәтижелері бойынша анықталады.
  • Неге назар аудару керек: Инвесторларға сауда-саттық нәтижелеріне, нақты купон мөлшерлемесіне және төлем мерзімділігіне назар аудару қажет.
Лизинг Групп АҚ жаңа облигациялар шығарылымын жүзеге асыруда. Бұл компанияның капиталды тарту процесінің бөлігі болып табылады. Құралдың басты сипаттамасы — айына бір рет төленетін купондар, бұл инвестор үшін жиі кіріс алу мүмкіндігін білдіреді.

Қазіргі уақытта купон мөлшерлемесі белгіленбеген, ол жабық өтінімдерді жинау арқылы анықталады. Бұл дегеніміз, нарықтық сұраныс пен ұсынысқа байланысты табыстылық деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Сауда-саттыққа тек KASE мүшелері ғана тікелей қатыса алады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 16.10.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының 
(KASE) сауда-саттық жүйесінде "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00020717 
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb23) 
облигацияларын орналастыру бойынша төмендегі шарттарда (Астана қ. 
уақыты) арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізіледі.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2C00020717                    
KASE сауда-саттық коды:                   LZGRb23                         
Номиналды құны, теңге:                    1 000                           
Шығарылым көлемі, теңге:                                                  
– тіркелген:                              2 500 000 000                   
– орналастырылған:                        –                               
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықты өткізу күні      
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады            
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады            
Өтінім беру мерзімі:                      180 күн                         
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықтың нәтижелері      
                                          бойынша анықталады              
Купондарды төлеу мерзімділігі:            айына 1 рет                     
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады            
Уақыттық база:                            30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        16.10.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   1 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              09:30–11:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                09:30–11:30                     
Кесімдеу уақыты:                          12:30 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    16.10.26, 12:30                 
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Tencor Securities" АҚ          
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигацияның номиналды құнынан пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың 
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/LZGRb23
Об эмитенте Лизинг Групп LZGR · БСН 050940003917
LZGRB23 · KASE 100,00₸ мәміле 06.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz